Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.05.2018 № 218 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 385 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-10-141 болып тіркелген, аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде 2012 жылғы 3 ақпандағы N 5 (7322) санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Тұяқбай |
Аудандық маслихат хатшысы | М. Оңғарқұлов |
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы 10 сессиясының N 92 шешіміне қосымша |
N | Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігіне салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |