Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы 24 сессиясының № 218 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 маусымда № 4816 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы Р. Әбеуов

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 28 мамырдағы
№ 218 шешіміне қосымша

Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 06 қазандағы 26 сессиясының "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" № 252 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-118 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы "Тоқырауын тынысы" № 45 (7259) газетінде жарияланған).

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 06 қазандағы 26 сессиясының "Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне бір жолғы талон құнының бағасын белгілеу туралы" № 253 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-119 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы "Тоқырауын тынысы" № 45 (7259) газетінде жарияланған).

      3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы 10 сессиясының "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 92 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2116 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 қаңтардағы "Тоқырауын тынысы" № 3 (7373) газетінде жарияланған).

      4. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы 33 сессиясының "Ақтоғай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы" № 301 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі "Тоқырауын тынысы" № 33 (7507) газетінде, 2015 жылғы 13 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы 40 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы ХХХVІ сессиясының № 337 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 376 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызындағы "Тоқырауын тынысы" № 11 (7539) газетінде, 2016 жылғы 31 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы 3 сессиясының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 28 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3814 болып тіркелген, 2016 жылғы 03 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы 4 сессиясының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3887 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады