Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012.09.20 N 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулыларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Айтбаева
Мәслихат хатшысы А. Жүніспеков
Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 2 сессиясының
2012 жылғы 6 наурыздағы
N 4 шешімімен
бекітілген
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңдарымен, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеркеті үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 қаулыларына сәйкес әзірленді және Бұқар жырау ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындайды.
1. Негізгі ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерiнiң немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
4) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
2. Тұрғын үй көмегі Бұқар жырау ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын, тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары тұрғын үй ауданы нормасының шегінде, бірақ нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса, осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың отбасы бюджетіндегі мүмкіндік шегі деңгейінен асатын жағдайда беріледі.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, жұмсалған шығындары үшін отбасының жиынтық табысына 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қамтитын қызметтер;
2) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
5) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
6) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
7) төлеу шоты – тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызмет ақысын, тұрғын үйді ұстауға және көмірді алғаны үшін мәлімдеушімен берілетін анықтама, хабар қағаз, түбіртек;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
9) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін айқындау
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;
2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
бір адамға көлемді газ:
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:
1985 жылға дейін салынғын тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 98 килограмм көмірден артық емес;
1985 жылдан кейін салынғын тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) - 72 килограмм көмірден артық емес;
жылыту маусымының ұзақтығы – 6 ай;
тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Бұқар жырау ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергиясын тұтынуы:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына – 150 киловаттан;
электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына – 250 киловаттан аспау керек;
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;
4) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін бөлек түрлерінің күрделі жөндеулері кезекпен төленеді. Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.
5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
9. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:
1) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасылар;
2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын тұлғалар;
келесі тұлғаларды есептемегенде:
күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
10. Дау жанжал немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешіледі.
11. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі
12. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жыл мерзімге тағайындалады.
13. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу шекті жол берілетін шығыстар үлесі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
15. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.
5. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және тағайындау тәртібі
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарын тапсыру үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша "Бұқар жырау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш пен келесі құжаттарын (1 қосымша) ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса тіркеледі.
17. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәілетті орган бланкілер үлгісін (2, 3, 4 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың және істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
18. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның табысы туралы мәліметті сұраныс негізінде береді.
19. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, осы Ережемен белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
20. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артуы мүмкін емес.
21. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.
22. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасауға құқылы.
6. Тұрғын үй көмегін төлеу
23. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – қызмет қөрсетушілердің немесе кондоминиум объектісін басқару органнын есеп айырысу (ағымды, жинақтау) шоттарына ақшалай қаржы аудару.
Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:
1) салық төлеушінің тіркелген нөмірі;
2) әлеуметтік жеке код;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш
Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстау, кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұрғын үйді жалға алу (жалға беру), сондай-ақ телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға уәкілетті органға өз рұқсатымызды береміз.
Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергені үшін тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда- сот тәртібімен қайтарылатын жөнінде ескертілді.
Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
Жеке куәлік деректері ___________________________ берілген
(өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің уақыты)
СТН _________________________________________________
ӘЖК ________________________________________________________
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ___________________________________
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі
_____ үй ___________ пәтер телефон _______________
тиістілік _______________________ түрі ___________________
(пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
Жалпы ауданы ______ шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны ________
Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _______________
Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
Меншігімде бір тұрғын үй бар.
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні _________________________________
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша
Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама
Азамат (ша) _____________________________________________
оның: ___________ көшесі (шағынаудан) _______ үй ______ пәтер _______ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
Отбасы құрамы __________________ адам.
Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ _____________
____________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:
Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Туыстығы |
Қай уақыттан бері тұрады |
Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды
Маманның қолы ______________________
Қабылдау мерзімі _____________________
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша
Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама
1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ______________________________
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша
20 __жылғы____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы анықтама
Төлеуші ______________________________________________________
(пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
Мекенжайы ____________________________________________________
Жалпы ауданы _______________шаршы метр.
Бөлме саны _________________
Үйдің жалпы сипаттамасы __________________________________________
(жалпы немесе болондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)
Төлем түрлері |
Қызмет саны |
Жеке шоттың нөмірі |
1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК) |
||
2. Жылыту жүйесі |
||
3. Ыстық су |
||
4. Суық су |
||
5. Кәріз |
||
6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету |
||
7. Газ |
||
8. Қоқыс шығару |
||
9. Телефонға абоненттік төлем |
Маманның қолы _____________________________
Қабылданған күні ____________________________