"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-11-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірде N 14 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбындағы "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында" деген сөздер алынып тасталсын;
қаулының 1 тармағы алынып тасталсын;
қаулының 2 тармағында "(бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы)" сөздерден кейін "және "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Жұмыспен қамту орталығында" деген сөздерден кейін "және Жұмыспен қамту бөлімінде" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 3 тармағында "республика бюджеті" деген сөздер "республика және жергілікті бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 4 тармағында "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздерден кейін ", Жұмыспен қамту бөлімі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш. Мамалинов