Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 наурызда N 8-11-133 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 21/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 01.07.2016 № 21/06 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012.05.14 N 13/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4.3.1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012.05.14 N 13/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) және "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту орталығында және Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012.05.14 N 13/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 103 "Республика бюджетінің ағымдағы нысаналы трансферті есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарамасын кеңейту" қосымша бағдарламасында көзделген республика және жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012.05.14 N 13/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50% немесе 26 000 теңге, келесі үш айда 30% немесе 15 600 теңге, соңғы үш айда 15% немесе 7800 теңге мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту орталығы, Жұмыспен қамту бөлімі және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық еңбекақының 50% кем емес мөлшерін құрайды.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012.05.14 N 13/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ш. Мамалинов

      

  Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 5 наурыздағы
N 05/01 қаулысына қосымша

Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі

N
Ұйымның атауы
Кәсіп (мамандық)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыс ұзақтығы (айлар)
Айлық жалақы мөлшері, теңге
Өтемақы мөлшері, теңге
1
Жеке кәсіпкер "Шалабаева Айтбикен"
Сатушы
3
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
Экспедитор-жүргізуші
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
2
"Қабылқайыр" селолық тұтыну кооперативі
Мал союшы
2
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
Заңгер
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
3
"Достар Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жүргізуші
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
4
"ПКФ МЕДЕО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
От жағушы
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
Тракторшы
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
Ветеринариялық санитар
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
Мал союшы
1
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
Ұста
3
12 айға дейін
52 000
26 000 – бірінші 6 ай, 15 600 – келесі 3 ай, 7 800 – соңғы 3 ай
 
 
Барлығы:
15
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады