"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топқа жататын қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ибраева Ш.Қ.) нысаналы топтардағы қатысушыларын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жүргізілсін.
2. "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту орталығы):
1) нысаналы топтардағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының" қатысушыларын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жүргізілсін;
2) нысаналы топтардағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізілсін.
3. алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.05.29 N 20/02 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.4. "Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Жылқыбаев) әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздардың төлем ақысы республикалық трансферттен қарастырылған қаржы құралынан қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 02/02 қаулысына қосымшасы |
2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын жұмыс берушілердің тізімі
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.05.29 N 20/02 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.