"2012 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 02/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы N 20/02 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 маусымда N 8-12-128 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 қаулысына сәйкес, нысаналы топқа жататын қатысушыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2012 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 02/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 8-12-123 нөмірімен тіркелді, 2012 жылғы 11 ақпанында N 8 (9482) "Жаңаарқа" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 3-тармағы мен қосымшасы қаулыдан алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанүлы Бекқожинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.

Аудан әкімі

Ғ. Омаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады