Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты қолдануы тоқтатылды (Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 22.05.2013 N 03-04/186 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-2 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті органдар - "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі), "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту орталығы):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) жұмыссыздарға – кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
3) жастар тәжірибесі бойынша іс-шараларды жүргізуді қаржыландыру республикалық трансферт және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
2. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын 2012 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмайтын, бюджетпен белгіленген қаражат шегінде белгіленсін.
3. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы "Жаңаарқа ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер – жұмыссыз азаматтарға жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 157 қаулының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-12-108 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 9 шілдеде N 29 (9454) санында жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ. Омаров