Жаңаарқа ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы N 157 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 маусымда N 8-12-108 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы N 20/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.05.29 N 20/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган - "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):
      1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға жәрдемдессін;
      2) жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) жастар тәжірибесі бойынша іс-шараларды жүргізуді қаржыландыру республикалық трансферт есебінен жүзеге асырылсын.
      2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері трансферт сомасынан жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңгені құрайды.
      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Жандаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады