Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 16/119 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-12-125 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 16 (9489) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;
Ереженің 8, 9 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс | |
VIII сессиясының төрағасы | Б. Бекежанова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Жұмасейітов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Ш. Ибраева |
2012 жылғы 20 тамыз