Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VІІІ сессиясының 2012 жылғы 20 тамыздағы N 8/52 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қыркүйекте N 1931 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-12-125 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 16 (9489) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;
      Ереженің 89 тармақтары алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      VIII сессиясының төрағасы                  Б. Бекежанова

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ш. Ибраева
      2012 жылғы 20 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады