Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 2012.08.20 N 9/77 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, (әрі қарай – Ереже) аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 2012.08.20 N 9/77 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. 2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада, көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 2012.08.20 N 9/77 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. 2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына өтініш берген сәтіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 2012.08.20 N 9/77 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Бекітілген Ережеге сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша өкілетті орган ретінде "Қарқаралы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, осы шешімді іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 - сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы: | С. Нүркенов |
"Келісілді" | |
"Қарқаралы ауданының экономика және | |
бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
Б. Берниязов |
29 наурыз 2012 жыл