"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 29 наурыздағы "2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 3/28 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-118 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі N 31-32 (11051) сандарында жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы, кіріспедегі және 1, 2 тармақтарындағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы "сатып алуға" деген сөзден кейін "немесе салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
2 тармақ "сатып алу" деген сөзден кейін "немесе салу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
9-сессия төрағасы | Т. Даутов |
Аудандық мәслихат хатшысы: | С. Нүркенов |
"Келісілді" | |
"Қарқаралы ауданының экономика және | |
бюджеттік жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
Б. Берниязов | |
20 тамыз 2012 жыл