"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекiту туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы N 215 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте N 1937 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 18.12.2013 № 377 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, мемлекеттiк қызметтi сапалы көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлген "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А.Р. Сатыбалдинға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                К. Максутов

Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 14 тамыздағы
N 215 қаулысымен
бекiтiлген

"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) құрылыс және сәулет саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      2) елді мекен - азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметтері нәтижесінде қалыптасқан республиканың аумағында жинақы қоныстанған, кемінде 50 адам саны бар, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген әрі жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бөлік;
      3) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
      4) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
      6) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      7) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама.

2. Жалпы ережелер

      2. "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – (бұдан әрі - регламент) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру тәртібін белгілейді.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 1117-2-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" N 121 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен, "Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімімен", "Ауданның жол полициясы бөлімшесімен" келісім арқылы көрсетіледі (бұдан әрі - мүдделі мемлекеттік органдар).
      5. Елді мекендерде (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат болған кезде беріледі.
      6. Жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжанған мекен-жайын, орналасқан жерін, типін (нысанын, түрін), жарнаманың жұмыс режимін, рұқсат қолданысының басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды көрсете отырып, шешімнің жобасын дайындайды.
      7. Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізгі түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.
      8. Рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі.
      Рұқсаттың қолдану мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін, бұл ретте өтініш беруші ақпаратты және құжаттарды көрсете отырып жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары

      10. Мемлекеттік қызмет, регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдардың, бөлімнің мекен-жайларында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      11. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар адам жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш жібереді.
      Өтініште:
      1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса - телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса - телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлері;
      4) өтініш беруші таңдаған орынға орналастыруды негіздей отырып сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжалған орнының мекен-жайы көрсетіледі.
      12. Рұқсат алуға арналған өтінішке:
      1) жер учаскесіне немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған объектіге құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ұсынылатын объектінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектісін басқару органымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттар;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ұсынылған объектінің күндізгі және түнгі бейнесін қамтитын нобай, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс істеуін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім қоса беріледі.
      13. Өтініш бланкілері бөлімде арнайы тағанға орналастырылады немесе бөлімнің жауапты маманында болады.
      14. Рұқсат беру рәсімдері:
      1) жарнама беруші рұқсат алу үшін осы регламенттің 11-тармағына сәйкес құжаттарды жергілікті атқарушы органға өткізеді. Бөлімнің арнайы кіріс журналында тіркеліп, "Жарнама туралы" Заңының талаптарына сәйкес нөмір беріледі;
      2) бөлім қабылданған құжаттарды тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсат беруге келісім алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жолдайды;
      3) мүдделі мемлекеттік органдар 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсат алуға келісім береді. "Жарнама туралы" Заңының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар сол күні қайта қайтарылады;
      4) келісім берілген рұқсатына бөлім 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды рәсімдеп, басшы (немесе басшының міндетін атқарушы) қол қояды, елтаңбалық мөрмен растайды, арнайы журналға тіркейді;
      5) жарнама беруші арнайы журналға қолын қойып және қойылған үлгідегі рұқсат құжатын алып кетеді.
      15. Бөлім рұқсат беру бойынша қызметін тегін көрсетеді.
      16. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет күнделікті мерекелік және демалыс күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсанындағы Заңына, регламентке 1-қосымшадағы мүдделі мемлекеттік органдар, бөлімнің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесулер) тәртібінің сипаттамасы

      17. Жарнама берушінің өтініші бөлімнің кіріс корреспонденциясы ретінде тіркеледі.
      18. Мүдделі мемлекеттік органдардың, бөлімнің жұмыс кестелері және мекен-жайлары аудан әкімінің www.karkaraly.kz ресми сайтында, сондай-ақ регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
      19. Жарнама берушімен бөліміне ұсынылуға қажетті құжаттардың тізімі, регламенттің 11-тармағында көрсетілген.
      20. Органдардың лауазымды тұлғаларының байланыс деректері регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
      21. Регламентке 3-қосымшада елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру үдерісінің схемасы көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі

      22. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің бұзылғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектілерін орналастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша

Мүдделі мемлекеттік органдардың, бөлімнің жұмыс кестелері және мекен-жайлары

р/с

Мүдделі мемлекеттік органдардың, бөлімнің атауы

Мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

1

Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 23 үй, 8 кабинет

9-00 - 18-00; үзіліс 13-00 – 14-00.

Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

8-72146-32-9-00

2

Қарқаралы ауданының жол полициясы бөлімшесі

Қарқаралы қаласы, Әуезов көшесі, 42 үй

9-00 - 18-00; үзіліс 13-00 – 14-00.

Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

8-72146-31-6-66

3

Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 23 үй, 10 кабинет

9-00 - 18-00; үзіліс 13-00 – 14-00.

Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

8-72146-32-8-84

"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектілерін орналастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша

Органдардың лауазымды тұлғаларының байланыс деректері

N п/п

Мүдделі мемлекеттік органдардың, бөлімнің атауы

Басшысы

Мекен-жайы, телефоны

Электрондық почтаның мекен-жайы

1

Қарқаралы ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі

Бөлім бастығы

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 23 үй, 8 кабинет

www.karkaraly.kz

2

Қарқаралы ауданының жол полициясы бөлімшесі

Бөлімше бастығы

Қарқаралы қаласы, Әуезов көшесі, 42 үй

www.karkaraly.kz

3

Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

Ауданның бас архитекторы

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 23 үй, 10 кабинет

www.karkaraly.kz

"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі)
жарнама объектілерін орналастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша

Сыртқы және көрнекі жарнаманы орналастыруға рұқсат беру үдерісінің схемасы

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах"

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14 августа 2012 года N 215. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 18 сентября 2012 года N 1937. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 18 декабря 2013 года N 377

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 18.12.2013 N 377.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года N 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам", в целях качественного оказания государственных услуг, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Сатыбалдину А.Р.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                К. Максутов

Утвержден
постановлением акимата
Каркаралинского района
от 14 августа 2012 года N 215

Регламент оказания государственной услуги "Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах"

1. Основные понятия

      1. В настоящем регламенте используются следующие основные понятия:
      1) Отдел архитектуры строительства, и градостроительства (далее – отдел) - структурное подразделение местного исполнительного органа района, осуществляющее функции строительства и архитектуры;
      2) населенный пункт - часть компактно заселенной территории республики, сложившаяся в результате хозяйственной и иной общественной деятельности граждан, с численностью не менее 50 человек, учтенная и зарегистрированная в установленном законом порядке и управляемая местными представительными и исполнительными органами;
      3) реклама - распространяемая и размещаемая в любой форме, с помощью любых средств информация, предназначенная для неопределенного круга лиц и призванная формировать или поддерживать интерес к физическому или юридическому лицу, товарам, товарным знакам, работам, услугам и способствовать их реализации;
      4) рекламодатель – физическое или юридическое лицо, являющийся источником рекламной информации для производства, распространения и размещения рекламы;
      5) структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ) - перечень структурных подразделений государственных органов, государственных учреждений или иных организаций, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги;
      6) регламент государственной услуги – нормативный правовой акт, устанавливающий требования к обеспечению соблюдения стандарта государственной услуги и определяющий порядок деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов, их подведомственных организаций, должностных лиц, а также физических и юридических лиц по оказанию государственной услуги;
      7) наружная (визуальная) реклама – реклама, размещенная на движимых и недвижимых объектах, а также расположенная в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования и на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах.

2. Общие положения

      2. Регламент оказания государственной услуги "Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах" (далее - регламент) - определяет порядок выдачи разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах.
       3. Государственная услуга оказывается в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года статьями 1117-2 "О рекламе" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года N 121 "Об утверждении Правил размещения объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах".
      4. Государственная услуга оказывается отделом строительства, архитектуры и градостроительства района, согласовано "Отделом жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района", "Подразделением дорожной полиции района" (далее-заинтересованные государственные органы).
      5. Размещение объекта наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах допускается при наличии разрешения, выдаваемого местным исполнительным органом.
      6. Местный исполнительный орган в течение подготавливается проект решения о выдаче с указанием предполагаемых адреса, местоположения, типа (формы, вида) объекта наружной (визуальной) рекламы, режима его работы сроков начала и окончания действия разрешения, требований к объекту наружной (визуальной) рекламы и ее технической эксплуатации.
      7. Местный исполнительный в течение пяти рабочих дней после получения заявления выдает разрешение на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы либо письменный ответ с обоснованным отказом.
      8. Разрешение выдается сроком на 1 год.
      Срок действия разрешения может быть продлен на 1 год, при этом заявитель предоставляет заявление в местный исполнительный орган с указанием информации и документов.
      9. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.

3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      10. Государственная услуга оказывается, по адресам заинтересованных государственных органов, отдела в соответствии с установленным графиком работы указанным в приложении 1 к регламенту.
      11. Лицо, имеющее намерение разместить объект наружной (визуальной) рекламы в населенном пункте, направляет письменное заявление в местный исполнительный орган.
      В заявлении указываются:
      1) фамилия, имя, отчество, почтовый адрес (при наличии - телефон, факс) заявителя, регистрационный номер налогоплательщика (РНН) или индивидуальный идентификационный номер (ИИН) - для физических лиц;
      2) наименование организации, сведения о государственной регистрации юридического лица, фамилия, имя, отчество руководителя, почтовый адрес (при наличии - телефон, факс), регистрационный номер налогоплательщика (РНН) или бизнес-идентификационный номер;
      3) назначение и основные параметры объекта наружной (визуальной) рекламы;
      4) адрес предполагаемого местоположения объекта наружной (визуальной) рекламы с обоснованием выбранного заявителем места его размещения.
      12. К заявлению для получения разрешения прилагаются:
      1) нотариально засвидетельствованная копия правоустанавливающего документа на земельный участок или объект, на который предлагается разместить объект наружной (визуальной) рекламы либо договора о размещении объекта наружной (визуальной) рекламы, заключенный заявителем с собственником (собственниками) объекта, на который предлагается разместить объект наружной (визуальной) рекламы, органом управления объектом кондоминиума или лицами, обладающими иными вещными правами;
      2) эскиз, включающий дневное и ночное изображение объекта наружной (визуальной) рекламы, объекта, на который предлагается разместить объект наружной (визуальной) рекламы, решения по инженерному обеспечению функционирования объекта наружной (визуальной) рекламы.
      13. Бланки заявлений размещаются в управлении на специальной стойке или бывают у ответственного исполнителя.
      14. Процедура выдачи разрешения:
      1) рекламодатель для получения разрешения сдает документы в исполнительный орган в соответствии с пунктом 11 регламента. Регистрируется в специальном журнале входящих документов отдела, ему присваивается номер в соответствии требованиями Закона "О рекламе";
      2) принятые документы проверяются отделом и направляются заинтересованным органам для получения согласования на получение разрешения в течение 1 (одного) рабочего дня.
      3) заинтересованные государственные органы дают согласование на получение разрешения в течение 1 (одного) рабочего дня. В случае несоответствия с Законом "О рекламе" документы возвращаются в тот же день.
      4) отдел проверяет листы согласованный документ в течение 5 (пяти) рабочих дней, подписывает руководителем (или исполняющим обязанности руководителя), заверяет гербовой печатью, регистрирует в специальном журнале;
      5) рекламодатель подписывается в специальном журнале и забирает разрешение заданного образца.
      15. Услугу по выдаче разрешения отдел оказывает бесплатно.
      16. В уполномоченном органе государственная услуга предоставляется ежедневно с понедельника по пятницу включительно, за исключением выходных и праздничных дней, в соответствии Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года "О праздниках в Республике Казахстан", с установленным графиком работы заинтересованных государственных органов, отдела в приложении 1 к регламенту.

4. Описание порядка действий (взаимодействий) в процессе оказания государственной услуги

      17. Документы, предоставленные рекламодателем, регистрируется как входящая корреспонденция отдела.
      18. Графики работы и адреса заинтересованных государственных органов, отдела указаны на официальном сайте акима Каркаралинского района: www.karkaraly.kz, а также в приложении 1 к регламенту.
      19. Перечень документов необходимых предоставления рекламодателем в отдел, указаны в пункте 11 регламента.
      20. Контактные данные должностных лиц органов указаны в приложении 2 к регламенту.
      21. Схема процесса выдачи разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы указана в приложении 3 к регламенту.

5. Ответственность лиц оказывающих государственные услуги

      22. За нарушение порядка оказания государственной услуги должностные лица несут ответственность, предусмотренную законами Республики Казахстан.

Приложение 1
к регламенту оказания государственной
услуги "Выдача разрешения на
размещение наружной (визуальной)
рекламы в населенных пунктах"

Графики работы и адреса заинтересованных государственных органов, отдела

п/н

Наименование заинтересованных государственных органов, отдела

Адрес

График работы

Контактный телефон

1

Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Каркаралинского района

город Каркаралинск, ул. Аубакирова, 23 дом, кабинет 8

9-00 - 18-00; перерыв 13-00 – 14-00.

Выходные дни: суббота и воскресенье

8-72146-32-9-00

2

Подразделение дорожной полиции Каркаралинского района

город Каркаралинск, ул. Ауезова, дом 42

9-00 - 18-00; перерыв 13-00 – 14-00.

Выходные дни: суббота и воскресенье

8-72146 31-6-66

3

Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Каркаралинского района

город Каркаралинск, ул. Аубакирова, 23, кабинет 10

9-00 - 18-00; перерыв 13-00 – 15-00.

Выходные дни: суббота и воскресенье

8-72146-32-8-84

Приложение 2
к регламенту оказания государственной
услуги "Выдача разрешения на
размещение наружной (визуальной)
рекламы в населенных пунктах"

Контактные данные должностных лиц органов

N п/п

Наименование заинтересованных государственных органов, отдела

Руководитель

Адрес, телефон

Адрес электронной почты

1

Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Каркаралинского района

Главный архитектор района

9-00 - 18-00; перерыв 13-00 – 14-00.

Выходные дни: суббота и воскресенье

www.karkaraly.kz

2

Подразделение дорожной полиции Каркаралинского района

Начальник подразделения

9-00 - 18-00; перерыв 13-00 – 14-00.

Выходные дни: суббота и воскресенье

www.karkaraly.kz

3

Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Каркаралинского района

Начальник отдела

9-00 - 18-00; перерыв 13-00 – 14-00.

Выходные дни: суббота и воскресенье

www.karkaraly.kz

Приложение 3
к регламенту оказания государственной
услуги "Выдача разрешения на
размещение наружной (визуальной)
рекламы в населенных пунктах"

Схема процесса выдачи разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы