Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының 2013 жылға арналған мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Даутов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нүркенов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарқаралы ауданы бойынша | |
салық басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | |
Р. Мүкеева | |
14 желтоқсан 2012 жыл
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы N 12/94 шешіміне қосымша |
Қарқаралы ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері
Рет N | Салық салу объектісінің атауы | Айына тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіштер) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4. | Ойын жолы | 7 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |