Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.09.24 N 22/04 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды-орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса тіркелген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыратын Нұра ауданының кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізімі, қаржыландыру көзі және қатысу мерзімі бекітілсін.
2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – жұмыспен қамту бөлімі) және "Нұра ауданының жұмыспен қамту Орталығы" (әрі қарай – жұмыспен қамту Орталығы):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде немесе жұмыспен қамту Орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) тізімге сәйкес жұмыссыздарға-кәсіби оқу түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
3) жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
3. Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 10/10 "Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-146 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымдағы N 23 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Данияр Зарлықұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов
Ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 3 ақпандағы
N 02/01 қаулысына
қосымша
Жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибе ұйымдастыратын Нұра ауданының кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізімі
N |
Ұйымның атауы |
Кәсіп (мамандық) |
Жұмыс орындарының саны |
Жұмыстың ұзақтығы (айлық) |
Айлық жалақы мөлшері (теңге) |
1. |
"Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Заңгер |
1 |
6 |
26 000 |
2. |
"Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Саясаткер Филолог Тарихшы |
1 1 1 |
6 6 6 |
26 000 26 000 26 000 |
3. |
"Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Экономист Экономист Әлеуметтік жұмыс Әлеуметтік жұмыс |
1 2 1 1 |
6 6 6 6 |
26 000 26 000 26 000 26 000 |
4. |
"Нұра ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Заңгер |
5 |
6 |
26 000 |
5. |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалы |
Заңгер |
3 |
6 |
26 000 |
6. |
"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Нұра аудандық филиалы |
Заңгер |
1 |
6 |
26 000 |
7. |
"Нұра ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Заңгер |
2 |
6 |
26 000 |
8. |
"Нұра ауданының білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Есепші Педагог |
1 1 |
6 6 |
26 000 26 000 |
9. |
"Нұра ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Есепші Программист |
1 1 |
6 6 |
26 000 26 000 |
10. |
"Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Заңгер Есепші |
1 1 |
6 6 |
26 000 26 000 |
11. |
"Нұра ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Программист Есепші |
1 1 |
6 6 |
26 000 26 000 |
12. |
"Нұра" газетінің редакциясы жауапкершілігі шектеулі серіктстігі |
Программист |
1 |
6 |
26 000 |
13. |
"Нұра ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Экономист |
1 |
6 |
26 000 |
14. |
"Нұра ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Салық ісі Программист |
1 1 |
6 6 |
26 000 26 000 |
15. |
"Киевка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Программист Есепші Заңгер |
1 1 1 |
6 6 6 |
26 000 26 000 26 000 |