Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 19.02.2021 № 17 (есми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 25.11.2014 N 338 (алғаш оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. "Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс атқаратын мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 қазандағы ХІІ сессиясының N 119 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жүнісбеков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Шайжанов |