Нұра аудандық мәслихатының 13 сессиясының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 129 "Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы 32 сессиясының № 338 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 2887 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 19.02.2021 № 17 (есми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 13 сессиясының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 129 "Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1994 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 желтоқсандағы № 47 (5280) "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы

С. Жұмабеков

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Б. Шайжанов


      КЕЛІСІЛДІ:

      "Нұра ауданының

      жұмыспен қамту әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ Г. Жүпенова

      25 қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады