Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы N 03/02 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 ақпанда N 8-15-162 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы N 22/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 22/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.08.14 N 29/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы көлемінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.08.14 N 29/01 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметоллаұлы Бикеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Осакаров ауданының әкімі
С. Аймақов

      

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Осакаровском районе

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 1 февраля 2012 года N 03/02. Зарегистрировано Управлением юстиции Осакаровского района Карагандинской области 17 февраля 2012 года N 8-15-162. Утратило силу постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 3 мая 2016 года N 22/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 03.05.2016 N 22/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 14.08.2012 N 29/01 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Осакаровском районе, в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 14.08.2012 N 29/01 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бикенова Нурлана Рахметуллиновича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким Осакаровского района
С. Аймаков