Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының 05.03.2014 N 276 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін, сондай-ақ автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкаларының 50 проценті мөлшерінде жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.
3. Осы шешім 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Ямковой
Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков