Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2012 жылғы 9 қарашадағы N 109 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда N 2028 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 5 наурыздағы N 276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының 05.03.2014 N 276 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін, сондай-ақ автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкаларының 50 проценті мөлшерінде жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.
      3. Осы шешім 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Ямковой

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады