Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 19 шешімі. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда N 8-16-81 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 132 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 132 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі (бірге берілген) бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік мәдени саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Ақтаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


Ұлытау аудандық мәслихаттың


хатшысы

Т. Сейтжанов

КЕЛІСІЛДІ:


Ауданның жұмыспен қамту және


әлеуметтік бағдарламалар


бөлімінің бастығы

А. Жандарбеков


      16.04.2012 ж.

  Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 12 сәуірдегі
N 19 шешімімен
бекітілген

Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу
ЕРЕЖЕСI

      Осы Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес әзiрлендi және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға

      2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      3) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда аз қамтылған отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      4) тұрғын үй көмегiн тағайындау бойынша уәкiлеттi орган – "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім);

      5) алынып тасталды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      6) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Шешім 3-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Шешім 3-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге, сонымен қоса телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (адамның) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегінің мөлшерi

      5. Тұрғын үй көмегi бөліммен отбасының (азаматтардың) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша келесi мөлшерде берiледi:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесiне тұрғын үй заңнамасымен белгiленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелi пәтерлерде бiр адамға 18 шаршы метрдi құрайды, бiр бөлмелi пәтерде тұратындар үшiн – пәтердiң жалпы көлемi. Көп бөлмелi пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшiн ауданның әлеуметтiк нормасы - 30 шаршы метрдi құрайды;

      2) бiр адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшерi:

      газ тұтыну мөлшерi:

      баллонды газ пайдалану фактiлiк шығындары, жеткiзушiлердiң қызметiн қосып есептелiнедi (түбiртек, анықтама, чек) бiрақ, бекiтiлген норматив бойынша бiр адамға айына газдың сыйымдылығы (айына 8 килограмнан көп емес) болуы тиiс;

      қатты отын тұтыну мөлшерi:

      1985 жылға дейiнгi тұрғын үй ғимараттар үшiн 1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшiн 161 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшiн 98 килограмм. 1985 жылдан кейiнгi тұрғын үй ғимараттар үшiн 1-2 қабатта салынған үйлерге 125 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлерге 72 килограмм (жылу беру мерзiмi 7 айға есептегенде) көмiрден артық болмауы тиiс. Тұрғын үй көмегiн есептеу барысында статистика органдарының мәлiметтерi бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмiр бағасы пайдаланылады;

      отбасына (азаматтарға) электр қуатын тұтыну мөлшерi:

      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;

      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловаттан аспау керек;

      3) cуық суды, ыстық суды, қоқыс төккiштi, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерiнiң кооперативi, өзiн-өзi басқару комитетi, үй комитеттерi және әрi қарай, басқарудың заңды үлгiсiн рәсiмдегендер) қызмет көрсетудi берушiмен немесе тарифтердi бекiтетiн органмен бекiткен тарифтердiң негiзiнде белгiленедi.

      6. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi пайдалануға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу белгiленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негiзде жүргiзiледi.

      7. Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте өтелуi тиiс.

3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау

      8. Тұрғын үй көмегi осы елдi мекенде тұрақты тұратын және үй иелерi немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тағайындалады.

      9. Тұрғын үйдiң (пәтерлер, үйлер) бiр бiрлiгiнен артық үйi бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретiн отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi көрсетiлмейдi.

      10. Тұрғын үй көмегі күтiм қажет деп танылған мүгедектерге күтiм жасайтындарды, туберкулездiк және психоневрологиялық диспансерлерде, емдiк-профилакториялық мекемелерде бiр айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегi адамдарды, үш жасқа дейiнгi бiр немесе одан да көп баланың тәрбиесiмен айналысатындарды, кiшi баласы бiрiншi сыныпты аяқтағанға дейiн (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесiмен айналысатындарды, кiшi баласы 8 жасқа толғанға дейiн өзiне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды есептемегенде, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасыларына берілмейді.

      11. Алкогольге немесе есiрткiге тәуелдi отбасы мүшелерiмен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бiрге тұратын және пәтерлердiң меншiк иесi болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге бiр бөлмелi немесе көп бөлмелi пәтерде тұратынына қарамастан, бiр адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бiр адам үшiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi шегiнде тұрғын үй көмегi берiледi.

      12. Жанжалды немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегiн тағайындау мәселесi сот тәртiбiмен шешiледі.

      13. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейi жалған мәлiметтердi берген жағдайда тұрғын үй көмегiн төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегi түрiнде заңсыз алынған сомалар ерiктi түрде қайтарылуы тиiс, бас тартылған жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылады.

4. Тұрғын үй көмегiн беру мерзiмдерi мен мерзiмдiлiгi

      14. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан бастап, табыстар жөнiндегi мәлiметтердi тоқсан сайын ұсынумен 1 жыл мерзiмге тағайындалады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге отбасының (азаматтың) шығындарының мүмкiндiк шегiндегi деңгейi, коммуналдық қызметтер тарифтерi өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерiстер енгiзiлген айдан кейiнгi айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледi.

      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезiнде басқа қалада уақытша тұратындығы тиiстi құжатпен куәландырылған отбасының мүшесi есепке алынбайды.

      17. Тұрғын үй көмегiн алушыларға он күнтізбелік күн iшiнде өзiнiң меншiктi тұрғын үйi, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлау қажет.

5. Тұрғын үй көмегiн өтiну және есептеу тәртiбi

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 11.09.2014 N 186 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Шешім 18-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Шешім 18-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 18-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Шешім 18-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Шешім 18-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 18-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 30.12.2020 N 416 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Бөліммен ай сайын тұрғын үй көмегiн тағайындау есебi жүргiзiледi, ол отбасына (азаматқа) өтiнiмiне қарай берiледi. Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгілеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.

6. Тұрғын үй көмегiн төлеу

      20. Тұрғын үй көмегi ақшалай немесе аударма түрiнде берiледi. Аударма түрi – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушiлердiң есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектiсiн басқару органының (ағымдағы) жинақтаушы шоттарына аудару.

      21. Тұрғын үй көмегiн коммуналдық қызметтердi жеткiзушiнiң есептiк шотына аударуға мүмкiндiк болмаған жағдайда (кәсiпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерiнiң өзгеруi, қатты отынға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол отбасына (азаматтарға) қызмет көрсететiн басқа жеткiзушiлердiң арасында үлестiрiледi немесе ақшалай төленедi. Ақшалай түрi екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрiнде әр айдың 10 дейін жүзеге асырылады.

      22. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес реттеледi.

Об утверждении Правил определения порядка и размера предоставления жилищной помощи населению Улытауского района

Решение II сессии Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 12 апреля 2012 года N 19. Зарегистрировано Управлением юстиции Улытауского района Карагандинской области 4 мая 2012 года N 8-16-81. Утратило силу решением Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 28 июня 2024 года № 132

      Сноска. Утратило cилу решением Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 28.06.2024 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" маслихат Улытауского района РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения порядка и размера предоставления жилищной помощи населению Улытауского района.

      2. Контроль за исполнением решения маслихата района возложить на постоянную комиссию развития социально-культурной сферы и социальной защиты населения (Н. Актаев).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Председатель сессии,


Секретарь Улытауского


районного маслихата

Т. Сейтжанов

СОГЛАСОВАН:


Начальник отдела занятости и


социальных программ района

А. Жандарбеков


      16.04.2012 г.

  Утвержден
решением маслихата
Улытауского района
N 19 от 12 апреля 2012 года

ПРАВИЛА
определения порядка и размера предоставления жилищной помощи населению Улытауского района

      Настоящее Правила определения порядка и размера предоставления жилищной помощи населению Улытауского района (далее - Правила), разработаны в соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи.

1. Общие положения

      1. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) малообеспеченные семьи – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      1-1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) исключен решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования);

      3) совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) – общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      4) уполномоченный орган по назначению жилищной помощи – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Улытауского района" (далее – отдел);

      5) исключен решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования);

      6) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов малообеспеченной семьи (гражданина) в месяц на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в процентах.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Жилищная помощь оказывается малообеспеченным семьям (гражданам) по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3-1. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 3-1 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 3-2 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг, на арендную плату за пользование жилищем, а также на услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, устанавливается к совокупному доходу семьи (лица) в размере 10 процентов.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

2. Определение нормативов оказания жилищной помощи

      5. Жилищная помощь предоставляется отделом по месту жительства семьям (гражданам) по следующим нормам:

      1) норма площади жилья, обеспечиваемой компенсационными мерами, эквивалентной нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным жилищным законодательством и составляет 18 квадратных метров на человека в многокомнатных квартирах, для проживающих в однокомнатных квартирах – общая площадь квартиры. Социальная норма площади жилья для одиноко проживающих граждан, проживающих в многокомнатных квартирах- 30 квадратных метров;

      2) норма потребления коммунальных услуг на одного человека:

      норма потребления газа:

      потребление газа баллонного по фактическим расходам, с предъявлением счетов поставщиков услуг (квитанции, справки, чеки), но не более норматива, установленного на одного человека в месяц по потреблению емкостного газа (не более 8 килограммов в месяц);

      норма потребления твердого топлива:

      на отопление 1 квадратного метра площади – 161 килограмма для домов 1-2 этажной постройки, 98 килограмм для домов 3-4 этажной постройки, для жилых зданий до 1985 года постройки; 125 килограмма для домов 1-2 этажной постройки, 72 килограмма для домов 3-4 этажной постройки для жилых зданий после 1985 года постройки (в расчете на отопительный сезон 7 месяцев) угля на дом. При расчете жилищной помощи применяются цены на уголь, сложившиеся в городах и районах области за истекший квартал по данным органов статистики.

      Потребление электроэнергии на семью (гражданам):

      150 киловатт в домах, оборудованных газовыми плитами;

      250 киловатт в домах, оборудованных электрическими плитами;

      3) нормы потребления холодной воды, канализации, горячей воды, мусороудаления, расходы на содержание жилища, независимо от формы управления (кооператив собственников квартир, комитета самоуправления, домовые комитеты, оформившие юридическую форму правления), устанавливаются на основе тарифов, утвержденных услугодателями или органом, утверждающим тариф.

      6. Оплата расходов на содержания жилого дома (жилого здания) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится на общих основаниях.

      7. Сумма повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, подлежит компенсации в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.

3. Назначение жилищной помощи

      8. Жилищная помощь назначается малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности и являющимися собственниками или пользователями (нанимателями, арендаторами) жилища.

      9. Семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду), жилищная помощь не оказывается.

      10. Жилищная помощь за исключением лиц, осуществляющих уход за инвалидами, признанными нуждающимися в уходе, находящихся на стационарном или амбулаторном лечении в туберкулезном, психоневрологическом диспансерах, лечебно-профилактическом учреждении более одного месяца, занятых воспитанием одного и более детей в возрасте до трех лет, занятых воспитанием четырех и более детей, до окончания младшим ребенком первого класса (но не старше 9 лет), получателей государственного социального пособия по случаю потери кормильца на себя и на детей, до исполнения младшему ребенку 8 лет, не предоставляется семьям, если в них имеются трудоспособные лица, которые не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии, не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных, не являются получателями государственного социального пособия.

      11. Пенсионерам и инвалидам, являющимися собственниками квартир, проживающим с членами семьи, страдающими алкогольной или наркотической зависимостью, либо с лицами, не достигшими 18 лет, жилищная помощь предоставляется исходя из норм площади жилья на одного человека (18 квадратных метров) и нормативов потребления коммунальных услуг на одного человека, независимо от проживания в однокомнатной или многокомнатной квартире.

      12. В случае возникновения конфликтных, спорных или нестандартных ситуаций решение о назначении жилищной помощи может быть разрешено в судебном порядке.

      13. В случае предоставления заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной суммы жилищной помощи, выплата прекращается. Незаконно полученные в виде жилищной помощи суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.

4. Сроки и периодичность предоставления жилищной помощи

      14. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления сроком на 1 год, с ежеквартальным предоставлением сведений о доходах.

      Сноска. Пункт 14 – в редакции решения Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      15. При изменении доли предельно - допустимых расходов семьи (гражданина) расходов на содержание жилого дома (жилого здания), тарифов на коммунальные услуги, производится перерасчет ранее назначенных пособий, начиная с месяца, следующего за тем месяцем, в котором наступили соответствующие изменения.

      16. При оказании жилищной помощи в семье не учитываются лица, временно проживающие в других городах, что подтверждается соответствующим документом.

      17. Получателям жилищной помощи необходимо в течение десяти рабочих дней информировать уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, в составе семьи и ее совокупного дохода.

5. Порядок обращения и начисления жилищной помощи

      18. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) представляет документы согласно пункту 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      Сноска. Пункт 18 - в редакции решения Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 11.09.2014 N 186 (вводится в действие после дня первого официального опубликования).

      18-1. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 18-1 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренных пунктом 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 18-2 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18-3. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 18-3 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18-4. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 18-4 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 18-5 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      18-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 18-6 в соответствии с решением Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 30.12.2020 N 416 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      19. Отделом ежемесячно производится расчет начисления жилищной помощи, который выдается семье (гражданину) по мере обращения. Уполномоченным органом в предоставлении государственной услуги отказывается в случае, если оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде не превышает предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

6. Выплата жилищной помощи

      20. Жилищная помощь предоставляется в безналичной и наличной форме. Безналичная форма – это перечисление денежных средств на расчетные счета поставщиков услуг, а также на счета (текущий, накопительный) органа управления объектом кондоминиума.

      21. В случае невозможности перечисления суммы жилищной помощи на расчетный счет поставщика коммунальных услуг (ликвидация предприятия, реорганизация, изменение банковских реквизитов, оплата приобретения твердого топлива, услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций) она распределяется между другими поставщиками, услугами которых пользуется семья (гражданин) или выплачивается наличным путем. Наличная форма устанавливается в виде денежных выплат, которая осуществляется через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального Банка Республики Казахстан на осуществление данного вида операций, путем зачисления на лицевые счета граждан ежемесячно до 10 числа.

      22. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим жилищным законодательством Республики Казахстан.