Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 18.02.2013 N 02-1/2-12/267 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормалары;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормалары.
2. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4268 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 30 сәуірдегі "Сыр бойы" газетінің N 81-82 және "Кызылординские вести" газетінің N 70-71 сандарында жарияланған);
2) "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 22 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4275 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 17 қыркүйектегі "Сыр бойы" газетінің N 172-173 және "Кызылординские вести" газетінің N 150-151 сандарында жарияланған).
3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы
әкімінің міндетін атқарушы Б. Жаханов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А. Мамытбеков
2012 жылғы "__" _________
Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы "08" маусымдағы
N 471 қаулысына 1-қосымша
Басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
N | Басым дақылдардың тізбесі | Нормасы | Бір гектарға субсидия нормасы, теңге |
---|---|---|---|
1 |
Күріш |
Базалық |
18000 |
2 |
Дәндік жүгері |
Базалық |
2500 |
3 |
Майлы дақылдар |
Базалық |
3100 |
4 |
Картоп |
Базалық |
10000 |
5 |
Көкөніс- бақша дақылдары ( қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда) |
Базалық |
9000 |
6 |
Көкөніс-бақша дақылдарын ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіру |
Көбейтілген |
25000 |
7 |
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (екі дақыл айналымынан артық емес) |
Көбейтілген |
3000000 |
8 |
Сүрлемдік жүгері |
Базалық |
2500 |
9 |
Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
Базалық |
1500 |
10 |
Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер |
Базалық |
600 |
Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы "08" маусымдағы
N 471 қаулысына 2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
N р/с | Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері | Өлшем бірлігі | Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы |
---|---|---|---|
1. |
Аммиак селитрасы (N-34,4%) |
тонна |
40 % |
2. |
Аммофос (N-10%, P2 O5 -46 %) |
тонна |
40 % |
3. |
Фосфорит ұны (P2 O5 -17 %) |
тонна |
40 % |
4. |
Жай суперфосфат (P2 O5 -19 %) |
тонна |
40 % |
5. |
Аммоний сульфаты (N-21%) |
тонна |
40 % |
6. |
Байытылған суперфосфат (P2 O5 -21,5 %) |
тонна |
40 % |
7. |
"В" маркалы суперфосфат (P2 O5 -15%) |
тонна |
40 % |
Ескерту:
N – азот;
P2 O5 – фосфор;
Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы "08" маусымдағы
N 471 қаулысына 3-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
N | Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері | Өлшем бірлігі | Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы |
---|---|---|---|
1 |
Карбамид (N-46,3%) |
тонна |
40 % |
2 |
Аммоний сульфаты (N-21%) |
тонна |
40 % |
Ескерту:
N - азот