"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 22 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 109 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 13 қыркүйекте N 4275 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 08 маусымдағы N 471 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2012.06.08  N 471 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 22 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4268 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 30 сәуірінде "Сыр бойы" газетінде N 81-82 және "Кызылординские вести" газетінде N 70-71 жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыдағы 2 – қосымшада:
      мемлекеттік тіл мәтініндегі реттік нөмірі алтыншы жолының үшінші бағаны "50%-ға дейін" деген сөздерімен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыдағы 3 – қосымшада:
      орыс тілі мәтініндегі "Тамшылатып суарудың ирригациялық жабдықтарын сатып алуға және монтаждауға кеткен шығындарды ескере отырып отырғызу", "Субсидия (40% дейін)", "2-ші жыл өсіру", "3-ші жыл өсіру", "4-ші жыл өсіру" атаулы бағандары ", теңге/гектар" сөздерімен толықтырылсын;
      мемлекеттік тіл мәтініндегі:
      "Тамшылатып суарудың ирригациялық жабдықтарын сатып алуға және монтаждауға кеткен шығындарды ескере отырып отырғызу", "2-ші жыл өсіру", "3-ші жыл өсіру", "4-ші жыл өсіру" атаулы бағандары ", теңге/гектар" сөздерімен толықтырылсын;
      "Субсидия (40%)", атаулы бағаны "Субсидия (40 % дейін), ", теңге/гектар" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                    Б. Қуандықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады