"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 698 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 4399 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы N 150 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 30.05.2013 N 150 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Б. Қуандықов

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы "10" желтоқсандағы
N 698 қаулысымен бекітілген

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет алушы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 6-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасы (азамат) (бұдан әрі – алушы).
      2) Орталық – Қызылорда облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және оның бөлімдері;
      3) орындаушы – міндеттеріне тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша құжаттарды ресімдеу кіретін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері;
      4) уәкілетті орган – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы Регламент "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және стандартқа сәйкес әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес уәкілетті органмен, сондай-ақ, Орталық арқылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғай елді мекендердің тұрғындарына мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағының және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-тарауының негiзiнде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама (бұдан әрі - хабарлама), не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органнан және Орталықтан, сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан, Орталықтың www. con.gov.kz интернет-ресурсынан, call-орталықтың (1414) телефонынан алуға болады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушымен немесе алушының уәкілетті өкілімен құжаттар берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) алушы немесе алушының уәкілетті өкілі уәкілетті органға немесе Орталыққа құжаттарды ұсынады;
      2) Орталықтың қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді не құжаттарды қабылдаудан бас тартады және жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді;
      3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға қайта жолдайды;
      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға болатын, Орталықтан уәкілетті органға құжаттардың жолданғаны жөніндегі айғақ штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді.
      4) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді, талон береді және уәкiлеттi органның басшысына ұсынады;
      5) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;
      6) орындаушы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), хабарламаны не бас тартуды дайындайды және уәкілетті органның басшысына ұсынады;
      7) уәкілетті органның басшысы хабарламаға не бас тартуға қол қояды және орындаушыға жолдайды;
      8) орындаушы хабарламаны не бас тартуды тіркейді және Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), немесе алушы мен алушының уәкілетті өкілі уәкілетті органға жүгінген жағдайда олардың өздеріне береді;
      9) Орталықтың қызметкері уәкілетті органнан келіп түскен құжаттарды тіркейді және штрих-код сканерінің көмегімен белгілейді және хабарламаны не бас тартуды алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Алушы немесе алушының уәкілетті өкілі стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға немесе Орталыққа ұсынады.
      12. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне:
      1) уәкілетті органда – тіркелген күні, орны және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
      2) Орталықта – құжаттардың қабылданғандығы жөнінде төмендегілер көрсетіле отырып, қолхат беріледі:
      өтініштің қабылданған күні және нөмірі;
      сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) Орталықтың қызметкері;
      2) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері;
      3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
      4) уәкілетті органның басшысы;
      5) орындаушы.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      15. Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген және ол мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Уәкілетті органның және Орталықтың басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына жауапкершілікте болады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

  "Тұрғын үй көмегін тағайындау
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша

ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы

      1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)
1
Іс-әрекеттің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
8
2
ҚФБ атауы
Орталықтың
қызметкері
Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
Уәкілетті органның басшысы
Орындаушы
Уәкілетті органның басшысы
Орындаушы
Орталықтың қызметкері
3
Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
Құжаттарды тіркеу
Уәкілетті органға қайта жолдау
Құжаттарды тіркеу және талон беру
Құжаттарды қарау
Құжаттарды қарау, орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу
Хабарламаға не бас тартуға қол қою
Хабарламаны не бас тартуды тіркеу және Орталыққа жолдау, орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу
Келіп түскен құжаттарды тіркеу және штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)
Қолхат беру не құжаттарды қабылдаудан бас тарту және жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат беру
Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу
Уәкілетті органның басшысына ұсыну
Орындаушыны анықтау
Хабарламаны не бас тартуды әзірлеу және уәкілетті органның басшысына ұсыну
Хабарламаны не бас тартуды орындаушыға жолдау
Алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне хабарламаны не бас тартуды беру
Хабарламаны не бас тартуды алушыға алушының немесе уәкілетті өкіліне беру
5
Орындалу мерзімі
20 минуттан аспайды
1 күнтізбелік күн ішінде
20 минуттан аспайды
1 күнтізбелік күн ішінде
7 күнтізбелік күн ішінде
1 күнтізбелік күн ішінде
1 күнтізбелік күн ішінде
(қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді
Орталықтан түскен құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (оларды қайтару себебін жазбаша негіздей отырып, Орталыққа қайтарады

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
Орталықтың қызметкері
Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
Уәкілетті органның басшысы
Орындаушы
1. Құжаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру
2. Уәкілетті органға қайта жолдау
3. Құжаттарды тіркеу және талон беру
5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау
6. Құжаттарды қарау, хабарламаны дайындау және уәкілетті органның басшысына ұсыну
9. Хабарламаны тіркеу және алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне беру
 
4. Құжаттарды уәкілетті органның басшысына ұсыну
7. Хабарламаға қол қою және орындаушыға жолдау
8. Хабарламаны тіркеу және Орталыққа жолдау немесе алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне беру

      3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
Орталықтың қызметкері
Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
Уәкілетті органның басшысы
Орындаушы
1. Құжаттарды тіркеу және қолхат беру не құжаттарды қабылдаудан бас тарту және жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат беру
2. Уәкілетті органға қайта жолдау
3. Құжаттарды тіркеу және талон беру
5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау
6. Құжаттарды қарау, бас тартуды дайындау және уәкілетті органның басшысына ұсыну
9. Бас тартуды тіркеу және алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне беру
 
4. Құжаттарды уәкілетті органның басшысына ұсыну
7. Бас тартуға қол қою және орындаушыға жолдау
8. Бас тартуды тіркеу және Орталыққа жолдау немесе алушыға немесе алушының уәкілетті өкіліне беру

  "Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы

      

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Постановление Кызылординского областного акимата от 10 декабря 2012 года N 698. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 11 января 2013 года за N 4399. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 30 мая 2013 года N 150

      Сноска. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 30.05.2013 N 150.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Назначение жилищной помощи".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Нуртаева Р.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области                   Б. Куандыков

      Утвержден
      постановлением акимата Кызылординской области
      от "10" декабря 2012 года N 698

       Регламент государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

       1. Основные понятия

      1. В настоящем регламенте государственной услуги "Назначение жилищной помощи" (далее – Регламент) используются следующие понятия:
      1) получатель государственной услуги – малообеспеченная семья (гражданин), постоянно проживающие в данной местности, имеющие право на получение жилищной помощи согласно пункта 6 стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи" (далее – стандарт), утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 (далее - получатель);
      2) Центр – филиал Республиканского государственного предприятия "Центр обслуживания населения" по Кызылординской области и его отделы;
      3) исполнитель – сотрудник отдела занятости и социальных программ района, города областного значения, в обязанности которого входит оформление документов по назначению жилищной помощи;
      4) уполномоченный орган – отдел занятости и социальных программ района, города областного значения.

       2. Общие положения

      2. Настоящий Регламент разработан в соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и стандартом.
      3. Государственная услуга оказывается уполномоченным органом, а также через Центр согласно пункта 1 стандарта.
      В целях обеспечения доступности государственных услуг жителям отдаленных населенных пунктов допускается оказание государственных услуг через мобильные центры.
      4. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      5. Государственная услуга оказывается на основании пункта 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьи 29 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации" и главы 2 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314.
      6. Результатом оказываемой государственной услуги является выдача получателю уведомления о назначении жилищной помощи на бумажном носителе (далее – уведомление), либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги на бумажном носителе (далее – отказ).
      7. Государственная услуга предоставляется бесплатно.

       3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      8. Информацию по вопросам и о ходе оказания государственной услуги можно получить в уполномоченном органе и Центре, адреса которых предусмотрены в приложении 1 стандарта, а также на официальном портале акимата Кызылординской области www.e-kyzylorda.gov.kz, интернет – ресурсах акиматов районов и города Кызылорды, на интернет-ресурсе Центра www. con.gov.kz, по телефону call-центра (1414).
      9. Сроки оказания государственной услуги предусмотрены пунктом 7 стандарта.
      10. Этапы оказания государственной услуги с момента предоставления документов получателем или уполномоченным представителем получателя для получения государственной услуги и до момента выдачи результата государственной услуги:
      1) получатель или уполномоченный представитель получателя предоставляет документы в уполномоченный орган или Центр;
      2) работник Центра регистрирует документы и выдает расписку о приеме документов, либо отказывает в приеме документов и выдает расписку с указанием недостающих документов;
      3) работник накопительного отдела Центра перенаправляет документы в уполномоченный орган;
      Факт отправки документов из Центра в уполномоченный орган фиксируется при помощи cканера штрих-кода, позволяющего отслеживать движение документов в процессе оказания государственной услуги;
      4) сотрудник канцелярии уполномоченного органа регистрирует документы, выдает талон и предоставляет документы руководителю уполномоченного органа;
      5) руководитель уполномоченного органа рассматривает документы и определяет исполнителя;
      6) исполнитель рассматривает документы и фиксирует документы в информационной системе Центра (в случае отсутствия в уполномоченном органе собственной информационной системы), подготавливает и предоставляет уведомление либо отказ руководителю уполномоченного органа;
      7) руководитель уполномоченного органа подписывает и направляет уведомление либо отказ исполнителю;
      8) исполнитель регистрирует и направляет уведомление либо отказ в Центр, при этом фиксирует в информационной системе Центра (в случае отсутствия в уполномоченном органе собственной информационной системы) либо выдает получателю или уполномоченному представителю получателя в случае их обращения в уполномоченный орган;
      9) работник Центра регистрирует и фиксирует поступившие документы от уполномоченного органа при помощи cканера штрих-кода и выдает уведомление либо отказ получателю или уполномоченному представителю получателя.

       4. Описание порядка действий (взаимодействия) в процессе оказания государственной услуги

      11. Получатель или уполномоченный представитель получателя предоставляет документы, предусмотренные пунктом 11 стандарта в уполномоченный орган или в Центр.
      12. После сдачи всех необходимых документов получателю или уполномоченному представителю получателя выдается:
      1) в уполномоченном органе – выдается талон с указанием даты регистрации, места и получения потребителем государственной услуги, фамилии и инициалов ответственного лица, принявшего документы;
      2) в Центре – выдается расписка о приеме документов с указанием:
      номера и даты приема заявления;
      вида запрашиваемой государственной услуги;
      количества и названий приложенных документов;
      даты, времени и места выдачи документов;
      фамилии, имени, отчества работника Центра, принявшего заявление на оформление документов;
      фамилии, имени, отчества получателя государственной услуги, фамилии, имени, отчества уполномоченного представителя, и их контактных телефонов.
      13. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурно-функциональные единицы (далее – СФЕ):
      1) работник Центра;
      2) работник накопительного отдела Центра;
      3) сотрудник канцелярии уполномоченного органа;
      4) руководитель уполномоченного органа;
      5) исполнитель.
      14. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) СФЕ приведено в приложении 1 к Регламенту с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры).
      15. Схема функционального взаимодействия приведена в приложении 2 к Регламенту и отражает взаимосвязь между логической последовательностью административных действий (процедур) в процессе оказания государственной услуги и СФЕ.

       5. Ответственность лиц, оказывающих государственные услуги

      16. Ответственными лицами за оказание государственной услуги являются руководители уполномоченного органа и Центра (далее – должностные лица).
      Должностные лица несут ответственность за оказание государственной услуги в установленные сроки в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      17. Обжалование действий (бездействий) по вопросам оказания государственной услуги производится в соответствии с разделом 5 стандарта.

      Приложение 1
      к регламенту государственной услуги
      "Назначение жилищной помощи"

       Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) СФЕ

      Таблица 1. Описание действий СФЕ

Действия основного процесса (хода, потока работ )

1

Номер действия (хода, потока работ)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

Наименование СФЕ

Работник Центра

Работник накопительного отдела Центра

Сотрудник канцелярии уполномоченного органа

Руководитель уполномоченного органа

Исполнитель

Руководитель уполномоченного органа

Исполнитель

Работник Центра

3

Наименование действий (процесса, процедуры, операции) и их описание

Регистрация

документов

Перенаправление документов в уполномоченный орган

Регистрация

документов и выдача талона

Рассмотрение документов

Рассмотрение документов, фиксация документов в информационной системе Центра

Подписание уведомления либо отказа

Регистрация и направление уведомления либо отказа в Центр, фиксация в информационной системе Центра

Регистрация и фиксация поступивших документов при помощи сканера штрих-кода

4

Форма завершения (данные, документ, организационно-распорядительное решение)

Выдача расписки о приеме документов, либо отказ в приеме документов и выдача расписки с указанием недостающих документов

Фиксация факта отправки документов при помощи сканера штрих-кода

Предоставление документов руководителю уполномоченного органа

Определение исполнителя

Подготовка и предоставление уведомления либо отказа руководителю уполномоченного органа

Направление уведомления либо отказа исполнителю

Выдача уведомления либо отказа получателю или уполномоченному представителю получателя

Выдача уведомления либо отказа получателю или уполномоченному представителю получателя

5

Срок исполнения

не более 20 минут

в течении 1 календарного дня

не более 20 минут

в течении 1 календарного дня

в течении 7 календарных дней

в течении 1 календарного дня

в течении 1 календарного дня (не входит в срок оказания услуги)

не входит в срок оказания государственной услуги

При выявлении ошибок в оформлении документов, поступающих из Центра – в течение 3 (трех) рабочих дней, после получения документов возврат их в Центр с письменным обоснованием причин возврата

      Таблица 2. Варианты использования.Основной процесс.

Основной процесс (ход, поток работ)

Работник

Центра

Работник накопительного отдела Центра

Сотрудник канцелярии уполномоченного органа

Руководитель уполномоченного органа

Исполнитель

1. Регистрация документов и выдача расписки о приеме документов

2. Перенаправление в уполномоченный орган

3. Регистрация документов и выдача талона

5. Рассмотрение документов и определение исполнителя

6. Рассмотрение документов, подготовка и предоставление уведомления руководителю уполномоченного органа

9. Регистрация и выдача уведомления получателю или уполномоченному представителю получателя


4. Предоставление документов руководителю уполномоченного органа

7. Подписание и направление уведомления исполнителю

8. Регистрация и направление уведомления в Центр или выдача получателю или уполномоченному представителю получателя

      Таблица 3. Варианты использования. Альтернативный процесс.

Альтернативный процесс (ход, поток работ)

Работник

Центра

Работник накопительного отдела Центра

Сотрудник канцелярии уполномоченного органа

Руководитель уполномоченного органа

Исполнитель

1. Регистрация документов и выдача расписки о приеме документов, либо отказ в приеме документов и выдача расписки с указанием недостающих документов

2. Перенаправление в уполномоченный орган

3. Регистрация документов и выдача талона

5. Рассмотрение документов и определение исполнителя

6. Рассмотрение документов, подготовка и предоставление отказа руководителю уполномоченного органа

9. Регистрация и выдача отказа получателю или уполномоченному представителю получателя


4. Предоставление документов руководителю уполномоченного органа

7. Подписание и направление отказа исполнителю

8. Регистрация и направление отказа в Центр или выдача получателю или уполномоченному представителю получателя

      Приложение 2
      к регламенту государственной услуги
      "Назначение жилищной помощи"

       Схема функционального взаимодействия