Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы мәслихатының 28.04.2014 N 175 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. Қармақшы ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, ветеринария мамандарына оның ішінде ветеринариялық пунктердің мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайында айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
2. Қармақшы ауданы мәслихатының 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар және тарифтiк ставкалар белгiлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-5-170 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 1 қаңтарында "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған) N 300 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы аудандық
мәслихатының кезектен тыс
9-сессиясының төрағасы О. Бодыбаев
Қармақшы аудандық
мәслихат хатшысы М. Ерманов