Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі N 175 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 02 маусымда N 4693 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 272 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 272 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексіне, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы ауданындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт, ветеринария саласынының мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленсiн.

      2. Қармақшы ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы "Жоғары жалақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4370 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2013 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) N 61 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қармақшы аудандық


мәслихатының кезектен тыс


27-сессиясының төрағасы

Ә. Дәуленбаев

Қармақшы аудандық


мәслихатының хатшысы

М. Наятұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады