Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2013.01.31 N 331 хаты).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 05 сәуірдегі Заңының 4-бабына және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 394 Қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандарға және ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, сондай-ақ ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде бір жолғы материалдық көмек 2012 жылғы 30 қарашаға дейін көрсетілсін.
2. Соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар қайтыс болған жағдайда, оларға әскери сый-сияпат көрсетіп, жерлеу және қабірінің басына құлпытас қоюға 42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері, заңдылық және азаматтар құқығы" жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р.Алиева) жүктелсін.
4. Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (Б.Мұқашев) осы шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жалағаш аудандық
мәслихатының ХІ-сессиясының
төрағасы Д. БАЙМАХАНОВ
Жалағаш аудандық
мәслихатының хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ