Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы N 141 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 14 қыркүйекте N 4312 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы N 441 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 29.08.2013 N 441 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр бала тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз етілсін.
      2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибрагимовке жүктелсін.
      5. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 480 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелім тізілімінде N 10-7-49 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінде 2008 жылдың 12 қаңтарында N 3 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                   С. Тауипбаев 

О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Постановление Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 27 августа 2012 года N 141. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 сентября 2012 года N 4312. Утратило силу постановлением Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 29 августа 2013 года N 441

      Сноска. Утратило силу постановлением Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 29.08.2013 N 441.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      На основании кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года "Бюджетный кодекс Республики Казахстан", Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Стандарта государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394, акимат Жанакорганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Обеспечить оказание социальной помощи для материального обеспечения детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому, в период получения ими образования, в размере девяти месячных расчетных показателей на каждого ребенка ежеквартально.
      2. Определить уполномоченным органом по назначению и выплате социальной помощи государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района".
      3. Выплата социальной помощи осуществляется путем перечисления денежных средств на банковский счет потребителя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Ибрагимова.
      5. Признать утратившими силу постановления акимата Жанакорганского района от 13 декабря 2007 года "Об утверждении Правил назначения и размера выплат, оказания социальной помощи детям - инвалидам воспитывающихся и обучающихся на дому" N 480 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 10-7-49, опубликовано в газете
"Жанақорған тынысы" от 12 января 2008 года за N 3).
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жанакорганского района                  С. Тауипбаев