Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 29.08.2013 N 441 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр бала тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз етілсін.
2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибрагимовке жүктелсін.
5. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 480 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелім тізілімінде N 10-7-49 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінде 2008 жылдың 12 қаңтарында N 3 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі С. Тауипбаев