Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 07.02.2013 N 284 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 25 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-7-151 тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірінде 30 нөмірінде "Жаңақорған тынысы" газетінде және 2012 жылғы 30 мамырдағы 44 нөмірінде "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін.";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі С. Тауипбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңақорған аудандық ішкі істер
бөлімі Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрлігі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Оспанов Жарас Өмірбекұлы
______________ "18" қыркүйек 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Жаңақорған
аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынының бас дәрігері
Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы
______________ "18" қыркүйек 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Жаңақорған
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы
______________ "18" қыркүйек 2012 жыл