Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.05.04 N 1908 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 5, 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 67000 (алпыс жеті мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 30 сәуіріне дейін берілсін.
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 30 сәуіріне дейін берілсін.
3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 28000 (жиырма сегіз мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 30 сәуіріне дейін берілсін.
4. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (И.Байкенжеев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Қ.Оңғаровқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ