Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2013.01.14 N 2223 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер" туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 1871 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 11 сәуірінде N 10-9-219 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2012 жылғы 14 сәуірдегі N 37/7980/ шығарылымында жарияланған) қаулысының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шиелі ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Нәлібаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Шиелі
аудандық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері Әмір Нұрлан Әмірұлы
________________ "10" мамыр 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Нурхожин Даулеткали Ергалиевич
________________ "10" мамыр 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы
________________ "10" мамыр 2012 жыл