"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағын және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. "Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге "Бірлік" атауын беру туралы" Майлытоғай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 тамыздағы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 01 қазанында N 10-9-143 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2010 жылғы 20 қазанындағы N 85/7815/ шығарылымында жарияланған) N 49 шешімінің преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:"
2. Аталған шешімнің 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі."
3. Аталған шешімнің 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Абдрахимоваға жүктеймін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Майлытоғай ауылдық округі әкімі Қ. Асанов