Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымындағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Ескерту. Шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округі әкімінің 2012.04.20 N 56 Шешімімен.
1. Майлытоғай ауылдық округіне қарасты атауы жоқ көшеге "Бірлік" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округі әкімінің 2012.04.20 N 56 Шешімімен.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Абдрахимоваға жүктеймін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округі әкімінің 2012.04.20 N 56 Шешімімен.
Майлытоғай ауылдық
округі әкімі Қ. АСАНОВ