Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2013.02.01 N 08-18-185 хаты).
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес субсидиялардың нормалары және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері;
3) осы қаулының 3 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері.
2. Субсидия берілу мерзімі – 2012 жыл, қаржыландыру көзі – Маңғыстау облысының ағымдағы қаржы жылының бюджеті болып анықталсын.
3. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Т. Қалжанұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкiмi Б. Мұхаметжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А.С. Мамытбеков
12 маусым 2012 ж.
Маңғыстау облысының қаржы
басқармасының бастығы
___________ Әлібекова М.Б.
12 маусым 2012 ж.
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
___________ Илмұханбетова Ш.Л.
12 маусым 2012 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 133 қаулысына
1-қосымша
Субсидиялардың нормалары және басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№ р/б |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
1 гектарға арналған бюджеттік субсидияның нормалары, теңге |
1. |
Көкөніс және бақша дақылдары |
9 000 |
2 |
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары |
36 000 |
3 |
Өнеркәсіп үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым) |
1 300 000 |
4 |
Жеңілдетілген үлгідегі жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым) |
300 000 |
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған іс-шаралардың қаражат көлемі 22 515 000 теңге құрайды (жиырма екі миллион бес жүз он бес мың теңге).
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 133 қаулысына
2-қосымша
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері
№ р/б |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлі гі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін |
Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
1 |
Аммиак селитрасы (N-34,4) |
тонна |
50 |
28 900 |
2 |
Аммофос (N-10: P2О5-46) |
тонна |
50 |
45 000 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 133 қаулысына
3-қосымша
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден
сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған субсидиялардың нормативтері
№ р/б |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы, дейін |
Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге |
1 |
Нитроаммофоска (N-15: P-15: K-15) |
тонна |
50 |
46 500 |
2 |
Супрефос (N-12: P-24) (Ca: Mg: S) |
тонна |
50 |
30 000 |
3 |
Новалон (N-13: P-40: K-13+ ТЕ) |
килограмм |
50 |
264 |
4 |
Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO+TE) |
килограмм |
50 |
234 |
5 |
Новалон (N-03: P-07: K-37+2MgO+TE) |
килограмм |
50 |
228 |
6 |
Нутрифлекс (N-15: P-8: K-25) |
килограмм |
50 |
204 |
7 |
Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы) |
тонна |
10 |
16 400 |
8 |
Калий нитраты |
тонна |
10 |
26 000 |
9 |
Магний сульфаты |
тонна |
10 |
17 200 |
Тыңайтқыштардың (органикалық қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндіршілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған іс-шараларға қажетті қаражаттың көлемі 13 314 000 (он үш миллион үш жүз он төрт мың теңге).