Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.05.2014 № 109 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексiнiң 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағынасәйкес, «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/83 шешімінің негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Мұхаметжанов
«КЕЛІСІЛДІ»«
Маңғыстау облысының білім
басқармасының бастығы
Д.Н. Жұмашева
13 желтоқсан 2012 жыл
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Р.Ф. Бектубаев
13 желтоқсан 2012 жыл
Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығы
Г.М. Қалмұратова
13 желтоқсан 2012 жыл
Маңғыстау облысының мәдениет
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
Г.Ж. Базаралиева
13 желтоқсан 2012 жыл
Маңғыстау облысының туризм,
дене шынықтыру және спорт
басқармасының бастығы
С.И. Пахомов
13 желтоқсан 2012 жыл
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
Ш.Л. Илмұханбетова
13 желтоқсан 2012 жыл
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 13 желтоқсан
№ 319 қаулысына
қосымша
Ауылдық (селолық) елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшысының орынбасары, оның iшiнде медицина бөлiмi жөнiндегi;
2) станция бөлімшесінің, филиал, зертхана, орталық, бөлiм басшысы;
3) бөлiмшенің, кабинеттің, учаскенің меңгерушiсi;
4) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: барлық мамандықтағы дәрiгерлер, медициналық бике, акушер, зертханашы, медициналық зертханашы, медициналық статистик, провизор, психолог, статистик, әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер, фельдшер-зертханашы.
2. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшысының орынбасары, оның iшiнде орталықтың;
2) бөлiмше меңгерушiсi (орталық);
3) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: инспектор, консультант, үйде қызмет көрсету әлеуметтік қызметкер, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман.
З. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарын қоспағанда);
2) мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
3) жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша бiлiм беру ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу iсi, оқу - өндiрiстiк, оқу - тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
4) әдiстемелiк кабинет басшысы, интернат, оқу кабинетiнің меңгерушiсi;
5) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: барлық мамандықтағы мұғалiмдер, кiтапханашы, жетекшi, тәрбиешi, нұсқаушы, шебер, медициналық бике, әдiстемешi, музыкалық жетекшi, оқытушы, үйiрме жетекшiсi, әлеуметтiк педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша бiлiм педагогы, логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшысының орынбасары;
2) көркемдiк жетекшi;
3) кiтапхана, клуб, көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық бөлiм меңгерушiлері;
4) негізгі қызмет секторының және құрылымдық бөлімшенің (бөлiм) жетекшiсі;
5) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: аккомпаниатор, актер, музыка өңдеушісі, әртiс, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, дирижер, дыбыс режиссерi, нұсқаушы, дыбыс жабдықтары және жарық аппаратурасы инженері (технигі), өнертанушы, кинорежиссер, киномеханик, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, музыкатанушы, музыкалық жетекшi, әдiстемешi, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратура басқару пультiнiң операторы, режиссердiң көмекшiсi, режиссер, қоюшы режиссер, үйірме жетекшісі, солист, хореограф, хормейстер, мұражайлардағы қорларды сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, экскурсовод.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарын қоспағанда);
2) филиал бөлiмшесiнiң, кешеннің басшысы;
3) спорт клубының меңгерушiсi;
4) мамандар (бас, аға), оның iшiнде: нұсқаушы, жаттықтырушы, шебер, барлық мамандықтағы дәрiгерлер, медициналық бике, әдiстемешi, психолог, фельдшер.