Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 2 тармағына және 5 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) отбасында бірде бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
3) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс жасамаған тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi О. Қазақбаев