Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» заңдарына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық әкімдіктің «Аудан бойынша 2012 жылда халықты жұмыспен қамту туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы № 5 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11-3-130, аудандық «Рауан» газетінің 2012 жылғы 22 ақпандағы 8 (2031) нөмірінде ресми жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1-қосымшасымен бекітілген 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесіндегі:
13-жолдағы «Бейнеу ауданы әкімияты жанындағы «Акиматсервис» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны» деген сөздер «Бейнеу аудандық әкімдігінің «Акиматсервис» мемлекеттік коммуналдық мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Әзірханов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________________Б.Өмірбеков
14 маусым 2012 ж
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________ М. Нысанбаев
14 маусым 2012 ж