Маңғыстау ауданы бойынша 2012 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Маңғыстау ауданының әкімінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 01 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 ақпанда № 11-5-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында «Маңғыстау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. «Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Ж.С.Нұрлыбаеваға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      1) азаматтардың денсаулығын медициналық куәландыру үшін шақыру учаскесіне тіркеу кезінде тәжірибесі мол маман-дәрігерлер мен медбикелерді қатыстыру;
      2) 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      3) маман-дәрігерлерді қажетті дәрігерлік құрал-жабдықпен, рентгенпленкамен, флюорография,электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету.
      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
      1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
      4. «Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.А.Досжановқа (келісім бойынша) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Село және селолық округтер әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезінде әскер жасына дейінгілерді хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қылаңовқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Қ.Боқанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Маңғыстау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Шегебаев Самат Ұзақбайұлы
      18 ақпан 2012 жыл

      «Маңғыстау аудандық орталық
      ауруханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорны директоры
      Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы
      18 ақпан 2012 жыл

      «Маңғыстау аудандық ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Досжанов Амангелді Асқарұлы
      18 ақпан 2012 жыл

Об организации приписки граждан к призывному участку в 2012 году по Мангистаускому району

Решение Мангистауского районного акимата от 18 января 2012 года № 01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 13 февраля 2012 года № 11-5-129

      В соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 74 «О воинской обязанности и воинской службе», со статьей 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», аким Мангистауского района РЕШИЛ:
      1. В период января-марта месяца 2012 года провести приписку к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Мангистауского района» граждан мужского пола 1995 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет.
      2. Директору государственного коммунального казенного предприятия «Мангистауская районная центральная больница» Нурлыбаевой Ж.С. (по согласованию) рекомендовать нижеследующие работы для исполнения:
      1) при медицинском освидетельствовании здоровье граждан в период приписки, привлекать более опытных врачей-специалистов и медицинских сестер;
      2) в период января-марта месяца 2012 года обеспечить проведение электрокардиограммы, сдачи анализов и флюрографических исследовании, а также анализа крови граждан подлежащих приписке к призывному участку;
      3) обеспечить врачей-специалистов необходимым медицинским инвентарем, флюрографическими пленками, бумагой для электрокардиограммы;
      3. Руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений, независимо от форм собственности рекомендовать:
      1) оповещать граждан, подлежащих приписке, о вызове их в районной призывной участок и обеспечивать своевременное прибытие;
      2) освободить от работы (учебы) на время, необходимое для выполнения обязанностей, связанных с постановкой до призывников на воинский учет, с сохранением за ними места работы (учебы) и занимаемой должности;
      4. Рекомендовать начальнику государственного учреждения «Отдел внутренних дел Мангистауского района» Досжанову А.А. (по согласованию) во время проведения приписки граждан к призывному участку организовать порядок и соблюдение дисциплины в участке, а также контролировать прибытие и пресекать уклонение граждан от приписки к призывному участку;
      5. Акимам села и сельских округов в период проведения приписки на призывной участок, организовать оповещение и обеспечить своевременное прибытие до призывников.
      6. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Кыланову Т.А.
      7. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким района                             К.Боканов

      СОГЛАСОВАНО:
      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия «Мангистауская
      центральная районная больница»
      Нурлыбаева Жанар Сайыновна
      18 января 2012 год

      Начальник государственного
      учреждения «Отдела внутренных
      дел Мангистауского района»
      Досжанов Амангелди Аскарович
      18 января 2012 год

      Начальник государственного
      учреждения «Отдела по делам
      обороны Мангистауского района»
      Шегебаев Самат Узакбаевич
      18 января 2012 год