Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай – ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындарын белгілеу жолымен бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/233 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3.Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізіледі және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Тасболатов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік
мәселелер жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы
Б. Сарбасов
12 қыркүйек 2012 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/45 шешіміне қосымша |
Түпқараған ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу орындары
1. Форт Шевченко қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - Бейменбет Маяұлы көшесіндегі орталық алаң.2. Баутин ауылында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - Захар Дубский көшесіндегі орталық алаң.
Ескерту. 2 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Қызылөзен ауылында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - Сатыбалды Сисенбаев көшесіндегі орталық алаң.
Ескерту. 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Сайын Шапағатов ауылында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - Алтынмұрат Бекенжанов көшесіндегі орталық алаң.
Ескерту. 4 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Ақшұқыр ауылында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - Әлқуат Қожабергенов көшесіндегі орталық алаң.
Ескерту. 5 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Таушық ауылында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге арналған орындар - Хамидолла Елмуханбетов көшесіндегі орталық алаң.
Ескерту. 6 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).