Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/233 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 желтоқсанда № 2895 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/190 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 20.07.2018 № 22/190 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе- жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 16.05.2016 № 3/23 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Түпқараған ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2163 болып тіркелген, "Ақкетік арайы" газетінде 2012 жылғы 12 қазанда жарияланған):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      қосымшада:

      2 –тармақта:

      "поселкесінде" деген сөз "ауылында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3, 4, 5, 6 – тармақтарда:

      "селосында" деген сөз "ауылында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2) Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 10/88 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 10/84 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Шарипов).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А.Тасболатов

Аудандық мәслихат


хатшысы

А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақшұқыр ауылының әкімі

      М. Ізтұр

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Баутин ауылының әкімі

      Д. Меңдіханов

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер департаментінің

      Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" Республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж. Өтепбергенова

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қызылөзен ауылының әкімі

      Ө. Ермекбаев

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сайын ауылдық округінің әкімі

      Ж. Ақжанов

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Таушық ауылының әкімі

      Ш. Әзірбаев

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      И. Науханов

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Қ. Ақыбаев

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Форт-Шевченко қаласының әкімі

      А. Нұрдәулетов

      29 қазан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады