Ақшұқыр ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/47 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 қазанда № 2165 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 10/84 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 39/270 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы № 442 Жер Кодексінің 8,11-баптарына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес Ақшұқыр ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 39/270 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/233 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сессия төрағасы
А. Тасболатов
Аудандық мәслихат
 
хатшысы
А. Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған ауданы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Ж. Утепбергенова
      12 қыркүйек 2012 жыл
       "Түпқараған аудандық жер
      қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      М. Досжанов
      12 қыркүйек 2012 жыл

  Түпқараған аудандық мәслихатының
2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/47 шешіміне
№ 1 - қосымша

Ақшұқыр ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы
масштаб 1:100 000

      Ескерту. 1-Қосымшада "селосы", "селолық", "селолық округінің", "селолық округтерінің" деген сөздер "ауылы", "ауылдық", "ауылдық округінің", "ауылдық округтерінің" деген сөздермен ауыстырылды – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       (Суретті қағаз мәтіннен қараңыз)

  Түпқараған аудандық мәслихатының
2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/47 шешіміне
№ 2 - қосымша

Ақшұқыр ауылы бойынша базалық салықтық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2-Қосымшада "селосы", "селолық", "селолық округінің", "селолық округтерінің" деген сөздер "ауылы", "ауылдық", "ауылдық округінің", "ауылдық округтерінің" деген сөздермен ауыстырылды – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.10.2015 № 34/266 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 15.03.2016 № 39/270 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Аймақтар
Аумақтық әкімшілік бірліктер
Түзету коэффициенті
I
Қоғамдық-іскерлік және тұрғын жай массиві. Теңіз жағалауы. Ақшұқыр ауылының жеке тұрғын үй құрылысына арналған тұрғын жай массиві.
Ақтау қаласы Халықаралық әуежайынан радиусі 1 километр жердегі аумақты қамтитын тұрғын жай массиві
1,5
II
Өндірістік аймақ
1,5
III
Жаңадан салынатын қоғамдық-іскерлік және тұрғын жай құрылысына арналған аймақ
1,4
IV
Резервтегі аймақ
1,3

Аймақтардың сипаттамасы

      I аймақ – қоғамдық - іскерлік және тұрғын жай аймағы.
      Шекарасы: Аймақ екі бөліктен тұрады. Оның бірінші бөлігі батысында Каспий теңізінің жағалауымен, солтүстігінде Сайын Шапағатов ауылдық округінің жерлерімен, оңтүстігінде Ақшұқыр ауылдық округінің жерлерімен, шығысында "Ақтау - Форт-Шевченко" автомобиль жолымен 200 метр оңға қарай шектеседі. Екінші бөлігі Ақтау қаласы Халықаралық әуежайынан радиусы 1 километр жердегі аумақты қамтиды.
      II аймақ - өндірістік жерлер.
      Шекарасы: Аймақ оңтүстік – батысында "Ақтау – Форт - Шевченко" автомобиль жолымен 200 метр оңға қарай, солтүстік шығысында Мұнайлы ауданының жерлерімен және І аймақпен, шығысында ІІ, ІV аймақтармен шекараласады.
      III аймақ – жаңадан салынатын қоғамдық-іскерлік және тұрғын жай құрылысына арналған аймақ.
      Шекарасы: Аймақ батысында "Ақтау – Форт - Шевченко" автомобиль жолымен 200 метр оңға қарай, солтүстікте І аймақтың екінші бөлігімен, шығысында ІV аймақпен, оңтүстігінде ІІ аймақпен шекараласады.
      IV аймақ - резервтегі аймақ.
      Шекарасы: Аймақ батысында І аймақтың екінші бөлігімен және ІІІ аймақпен, солтүстігінде Ақшұқыр ауылдық және Сайын Шапағатов ауылдық округтерінің жерлерімен, оңтүстігінде ІІ аймақпен, шығысында Мұнайлы ауданының жерлерімен шектеседі.

Об утверждении схем зонирования и поправочных коэффициентов на базовые налоговые ставки в целях налогообложения по селу Акшукур

Решение Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 12 сентября 2012 года № 7/47. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 03 октября 2012 года № 2165. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 17 марта 2017 года № 10/84

      Сноска. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 17.03.2017 № 10/84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии статьи 8,11 Земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года № 442, статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года № 99-IV "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" и подпункта 13) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить схем зонирования и поправочные коэффициенты на базовые налоговые ставки в целях налогообложения по селу Акшукур, согласно приложениям № 1 и № 2.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 29.10.2015 № 34/233(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Председатель сессии
А. Тасболатов
Секретарь районного
 
маслихата
А.Досанова

      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного
      учреждения "Налоговое управление
      по Тупкараганскому району"
      Ж. Утепбергенова
      12 сентября 2012 года
      
      Начальник государственного
      учреждения "Тупкараганский
      районный отдел земельных
      отношении"
      М. Досжанов
      12 сентября 2012 года
      
      

  Приложение № 1
к решению районного маслихата
№ 7/47 от 12 сентября 2012 года

Схема зонирования в целях налогообложения по селу Акшукур
масштаб 1:100 000

      (см бумажный вариант)

  Приложение № 2
к решению районного маслихата
№ 7/47 от 12 сентября 2012 года

Поправочные коэффициенты на базовые налоговые ставки по селу Акшукур

Зоны
Территориальные административные единицы
Поправочные коэффициенты
I
Общественно - деловой и жилой массив.
Побережье. Жилой массив, предназначенный для индивидуально - жилищного строительства села Акшукур. Жилой массив, охватывающий территорию вокруг Международного аэропорта города Актау в радиусе 1 километр.
1,5
II
Производственная зона
1,5
III
Зона для новой застройки общественно-делового и жилищного строительства.
1,4
IV
Резервная зона
1,3

Описание зон

      I зона – Общественно - деловая и жилищная зона.
      Граница: Зона состоит из двух частей. Первая часть ограничивается в западе побережьем Каспийского моря, в севере землями сельского округа имени Сайына Шапагатова, в юге землями Акшукурского сельского округа, в востоке вдоль автодороги Актау- Форт - Шевченко к югу 200 метров. Вторая часть охватывает территорию вокруг Международного аэропорта города Актау в радиусе 1 километр.
      II зона - промышленные земли.
      Граница: Зона ограничивается в юго-западе с 200 метров к югу автодороги Актау- Форт - Шевченко, в севере-востоке землями Мунайлинского района и І зоной, в востоке ІІ, ІV зонами.
      III зона - Зона для новой застройки общественно-делового и жилищного строительства.
      Граница: Зона ограничивается в западе с 200 метров к югу автодороги Актау - Форт-Шевченко, в севере второй частью І зоны, в востоке ІV зоной, в юге ІІ зоной.
      IV зона - резервная зона.
      Граница: Зона ограничивается в западе второй частью І зоны и ІІІ зоной, в севере землями Акшукурского сельского округа и сельского округа имени Сайына Шапагатова, в юге ІІ зоной, в востоке землями Мунайлинского района.