Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012.06.01 № 143-қ қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 25 ақпандағы № 6-қ «2012 жылға жастар іс–тәжірибесін ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекеіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-110 болып тіркелген, 2012 жылдың 02 наурызда «Мұнайлы» газетінің № 11-12 (265-266) санында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
2012 жылға «Жастар – іс тәжірибесін» ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі және еңбек ақы мөлшері осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай-уәкілетті орган) жастар іс-тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарын құру туралы жұмыс берушілермен келісім шарт жасасын.
3. Уәкілетті органның жолдамасына сәйкес келісім шарт жасаған ұйым және кәсіпорын басшылары жастар іс-тәжірибесінен өтуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е.Әбілов
«КЕЛІСІЛДІ»
Тұманбаева Жаңыл Кемелқызы
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
20 сәуір 2012 ж.
Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы
«Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
20 сәуір 2012 ж.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
20 сәуір 2012 ж
№ 112-қ қаулысына қосымша
2012 жылға «Жастар – іс тәжірибесін» ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі және еңбек ақы мөлшері
№ р/с | Мекемелер және кәсіпорындар атауы | Кәсіп- тердің (лауа- зымдар) атауы | Жұмыс-сыздар саны (адам) | Бір адамға төлене-тін еңбек ақы мөлшері (теңге) | Жұ- мыс мер-зімі | Қаржыландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционарлік қоғамы |
Эконо- мист, техник |
6 |
26 000 |
6 ай |
Жергілік-ті бюджет |
2 |
Мұнайлы аудандық ардагерлер кеңесі |
Эконо- мист |
1 |
26 000 |
6 ай |
Жергілік-ті бюджет |
Барлығы |
7 |