Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селоларының", "селосының" сөздері "ауылдарының", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы ғимараттарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. 2009 жылғы шілдеге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген учаскелерден басқа уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов ауылдарының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулының 1-тармағымен белгіленген Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов ауылдарының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайлары және режимі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Денисов ауданының әкіміне:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалымен бірлесіп (келісім бойынша) мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізіп, су қорғау белдеулерінің жерін су қорының жеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;
жер пайдаланушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайларын және режимін жеткізсін;
осы қаулының 1-тармағымен белгіленген, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан Тобыл өзенінің жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыс жүргізсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметі режиміне талаптардың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылсын.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай | |
"Қазақстан Республикасы Денсаулық | |
"Қазақстан Республикасы Жер | |
"Қазақстан Республикасының Жер | |
"Қазақстан Республикасы Қоршаған | |
"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи | |
Денисов ауданының әкімі |
Әкімдіктің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 156 қаулысына 1-қосымша |
Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов,
Антонов ауылдарының шекарасындағы Тобыл
өзенінің су қорғау аймақтары
мен белдеулері
Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр) | ||||
ұзын- дығы (метр) | ені (метр) | ауданы (гектар) | ұзын- дығы (метр) | ені (метр) | ауданы (гектар) | ||
Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов ауылдарының шекарасында- ғы Тобыл өзенінің сол жақ жағалауы | 7575 | 50-440 | 179,03 | 7575 | 35; 100 | 27,33 | 214,01 |
Қостанай облысы Денисов ауданы Антонов ауылының шекарасында- ғы Тобыл өзенінің оң жақ жағалауы | 3480 | 90-640 | 97,41 | 3480 | 35 | 12,18 |
Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов ауылдарының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі бекітілген жобаның картографиялық материалында көрсетілген.
Әкімдіктің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 156 қаулысына 2-қосымша |
Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов, Некрасов, Антонов
ауылдарының шекарасындағы Тобыл өзенінің су қорғау
аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен
пайдаланудың ерекше жағдайлары
және режимі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жер үсті және жер асты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2021 № 339 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).