РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3796 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай
облысының әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Т. Маткенов
"Қостанай облысының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ А. Алдажаров
Әкімдіктің
2012 жылғы 5 қазандағы
№ 435 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына қосымша
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Бектұрғанов |
- |
Қостанай облысы әкімінің |
Алдажаров |
- |
"Қостанай облысының Қорғаныс |
Комиссия мүшелері:
Байжұманова |
- |
"Қостанай облысы әкімдігінің |
Файзуллин |
- |
"Қазақстан Республикасы Ішкі |
Маевская |
- |
Қостанай облысы әкімдігі |