"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді беру мерзімдері 2012 жылғы 11 мамырдан 11 маусымға дейін болып белгіленсін.
2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 11 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Әкім Ғ. Нұрмұхамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндеттерін атқарушы
__________________ М. Мурзин
Қостанай қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 2 шілдедегі № 1420
қаулысына қосымша
2012 жылға арналған субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық бидай, арпа, сұлы, |
15 мамырдан 5 маусымға |
2 |
Шабындық жерлерді шалғындандыру |
20 сәуірден 31 мамырға |
3 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамырға |
4 |
Жемшөптік, бірінші, екінші |
20 сәуірден 15 шілдеге |
5 |
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс |
15 мамырдан 31 мамырға |
6 |
Күздік бидай және қара бидай |
15 тамыздан |
7 |
Көкөніс және бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусымға |
8 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамырға |