2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 1420 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 тамызда № 9-1-196 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді беру мерзімдері 2012 жылғы 11 мамырдан 11 маусымға дейін болып белгіленсін.
      2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 11 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Әкім                                       Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндеттерін атқарушы
      __________________ М. Мурзин

Қостанай қаласы әкімдігінің  
2012 жылғы 2 шілдедегі № 1420 
қаулысына қосымша       

2012 жылға арналған субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары,
бұршақтұқымдастар

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

Шабындық жерлерді шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық шөптер

20 сәуірден 31 мамырға
дейін және 5 шілдеден
1 тамызға дейін

3

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

4

Жемшөптік, бірінші, екінші
және үшінші өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер

20 сәуірден 15 шілдеге
дейін және 5 шілдеден
1 тамызға дейін

5

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға
дейін

6

Күздік бидай және қара бидай

15 тамыздан
1 қыркүйекке дейін

7

Көкөніс және бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға
дейін

8

Картоп

10 мамырдан 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады