Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2012.12.11 № 10 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33–бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16–бабы 3–тармағының негізінде, ШЕШЕМІН:
1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2013 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркелу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркелу бойынша іс-шараны өткізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Рудный
қаласының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ С. Дүйсенов