Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін әскерге шақыру учаскесіне тіркелуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 қазанда № 3857 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2012.12.11 № 10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33–бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16–бабы 3–тармағының негізінде, ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2013 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркелу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркелу бойынша іс-шараны өткізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Рудный
      қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ С. Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады